Біз туралы

Қосымша қол жетімді русский, English, Deutsch

Қош келдіңіздер! Конрад Аденауэр атындағы Қордың жұмысының басты ұстанымдары еркіндік, әділдік және ынтымақтастық болып табылады. Конрад Аденауэр атындағы Қор саяси қор болып саналады, бұл ұйым негізгі тұжырымдары бойынша ГФР-ның жетекші партияларының бірі – Христиандық-Демократиялық Кеңеспен (ХДК) жақын тұр. Тұңғыш неміс канцлері және ХДК-тің тең құрылтайшысы Конрад Аденауэр (1876 - 1967) христиандық-әлеуметтік, консервативтік және либералды дәстүрлердің басын қосты. Оның есімі Германияда орын алған көптеген демократиялық қайта жаңғырулармен, трансатланттық қауымдастықтың сыртқы саяси құндылықтарының нығаюымен, еуропалық ауызбіршілік пен әлеуметтік нарықтық экономикаға баса назар аударуымен тығыз байланысты. Оның артында қалдырған рухани мұрасы – біз үшін әрі міндет, әрі мақсат. Халықаралық әріптестікте біз адамдардың өз беттерінше еркіндік пен құндылық жағдайында өмір сүруіне ұмтыламыз. Біз Германияның әлем алдындағы жауапкершілігінің артуын мойындауына айтарлықтай үлес қосып келе жатырмыз. Біз осындай болашақта құру жолында адамдардың санасын оятамыз. Бүкіл әлем бойынша жұмыстар атқарып жатқан 70-тен астам өкілдік пен 120-дан астам елде жүзеге асырылып отырған жобалар демократияның, құқықтық мемлекеттің және әлеуметтік нарықтық экономиканың дамуына үлесін қосып келе жатыр. Бейбітшілік пен еркіндікті қамтамасыз ету мақсатында біз тұрақты түрде қауіпсіздікті сақтауға және мәдениеттер, діндер арасындағы қарым-қатынасқа бағытталған сыртқы саясат диалогын жүргізіп отырамыз. Біздің жұмыстың өзегі – қайталанбас қасиеттері, құқығы және міндеттері бар тұлға. Ол – біз үшін әлеуметтік әділдіктің, еркін демократияның және қуатты басшылықтың негізі. Ортақ жауапкершілігін түсінетін адамдардың басын қоса отырып, біз саясатта, экономикада және қоғамда белсенді түрде жұмыс істейтін байланыстарды дамытамыз. Біздің саяси менеджментік біліміміз әлеуметтік тұрғыдан алғандағы әділ, экологиялық бекем және экономикалық тиімді жаһандану жолында оңтайлы дүниелерге мүмкіндік беруде. Біз азаматтық қоғам ұйымдарымен, университеттермен, саяси партиялармен және жекелеген элиталармен жұмыс жасаймыз. Өзіміздің мақсаттарымыз бен жетекші құндылықтарымыз арқылы біз болашақта аймақтық және жаһандық саяси әріптестікке, әсіресе саяси даму саласына баса назар аударғымыз келеді. Әріптестерімізбен бірге біз әр елге еркіндік пен дербестік жағдайында дамуға мүмкіндік беретін халықаралық тәртіптің орнауына ат салысып отырмыз. Конрад Аденауэр атындағы Қордың басым бағыттары болып келесілер табылады:

  • Саясат және БАҚ
  • Жергілікті өзін-өзі басқару
  • Саяси білім

Қазақстандық ЖОО-дарының студенттеріне арналған жергілікті гранттардың Sur-Place бағдарламасы 2007 жылдан бері Қазақстанның жас элитасын қолдап келеді, осылайша ол демократияландыру процесі мен азаматтық қоғамның құрылуына үлес қосып жатыр.