Қызылорда облысындағы саяси байланыс тренингі мен қалалық жиналыс

Қосымша қол жетімді Deutsch, English, русский

Конрад Аденауер атындағы Қордың Өкілдігі наурыз айының 15-16-да Қызылорда облысының әкімдігінде саяси байланыс жайында екі күндік тренинг өткізді. Шараға Германия Федеративті Республикасынан 2-ақ есе кіші болған облыстың Әкімдігінің әкімшілігінен және басқа да мемлекеттік мекемелерден жұртшылықпен байланыс саласындағы 35 қызметкер қатысты.

Томас Хельм, Конрад Аденауер атындағы Қордың Қазақстандағы Өкілдігінің директоры, саяси дағдарыстың байланыстық басқарылу мәселесін тренингтің негізгі сұрағы ретінде келтірді.

Тренингке қоса, Қызылорда облысының Әкімі Қырымбек Көшербаев бір сағаттан аса жалғасқан және жергілікті билік пен Конрад Аденауер атындағы Қор арасындағы кейінгі ынтымақтастық негіздерін қалаған сұхбат өткізді.

Қазіргі уақытта Конрад Аденауер атындағы Қор Қазақстан Республикасындағы этникалық топтардың қатар өмір сүру сұрақтарын зерттеуде. 15 наурызда Достық үйінде дөңгелек үстел пішімінде Қызылорда облысының ең маңызды он бір этно-мәдени бірлестіктерімен кездесу өтті. 20-дан аса этникалық топ өкілдерінің көпшілігі өздерінің ұлттық киімін киіп келді. Ақпарат алмасу өте қызу және достық болды.

Қызылорда облыс әкімдігіндегі тренингтен кейін Конрад Аденауер атындағы Қордың Sur Place стипендиялық бағдарламасының презентациясы өтті. Презентация қадалық жиналыс пішімінде өткізілді. Жүзден аса қатысушылар Конрад Аденауер атындағы Қор Өкілдігінің директорынан бір жарым сағат ішінде барлық мәліметтерді нақтылау мүмкіндігін қолданды.

Басылымның сериялық нөмірлері

Оқиға үлестері

жарияланған

Kasachstan, 18 Наурыз 2017