БІРГЕ НЕМЕСЕ БІР БІРІНЕ ҚАРСЫ – СЫРТҚЫ САЯСАТТА МҮДДЕЛЕРДІ ҚОЗҒАУДАҒЫ ТЕНДЕНЦИЯЛАР

Қосымша қол жетімді Deutsch, English, русский

30 маусым – 2 шілде аралығында Алматы қаласында Конрад Аденауэр атындағы Фондтың 2017 жылғы стипендиаттарына арналған екінші семинар өтті. Бұл семинардың тақырыбы сыртқы саясат болды: «БІРГЕ БОЛМАСА БІРІНЕ-БІРІ ҚАРСЫ – СЫРТҚЫ САЯСАТТЫ АЛҒА ЖЫЛЖЫТУДАҒЫ БЕТАЛЫСТАР». Үш күн бойы талантты студенттер баяндамашыларды - сыртқы саясаттың түрлі салаларының сарапшыларын тыңдады.

Томас Хельм, Конрад Аденауэр атындағы Фонд өкілдігінің директоры қазақ-неміс қарым-қатынастарының бүгінгі жағдайы мен келешек мүмкіндіктерді талқылады. Тимур Шаймергенов, ҚР Тұңғыш Президенті – Елбасының Кітапханасы директорының орынбасары, Тәуелсіз Қазақстан Республикасының 25 жыл бойы табысты жүзеге асырылып келе жатқан көп векторлы саясатын таныстырды. Әлемдік Экономика және саясат институтынан келген Асқар Нұрша КСРО-ның құлдырауынан кейінгі Орта Азия елдерінің қарым-қатынастарының жағдайы жайлы баяндамамен жұрт алдында сөйлеп, Қазақстан мен Өзбекістан арасындағы септестіктің жаңа дамып келе жатқан векторына жеке тоқталып өтті . Ал «Еуразия Әлемі» ҮЕҰ директоры, Эдуард Полетаев өз кезегінде Қазақстан – Ресей қарым-қатынастарына көңіл бөліп, Еуразиялық Экономикалық Одағына жеке тоқталып өтті. Әділ Кәукенов, қытай зерттеулері орталығының директоры, Қазақстан мен Қытай қарым-қатынастарының дамуы жайлы ойларын ортаға салып, Қытайдың сыртқы саясаты жайлы қызықты деректермен бөлісті. Семинар қатысушылары да немқұрайлы қалған жоқ: белсенді сұрақ қойып, спикерлерді мінеп-сынады.

Оған қоса, дәстүрлі түрде, стипендиаттар өздеріне жеке тапсырма алды – қауіптерді және мүмкіндіктерді есте ұстай отырып және қиялдарын пайдалана отырып, Қазақстан мен Еуропа Одағының қарым-қатынастарының, Еуразиялық Экономикалық Одақтың дамуының, және «Бір белдеу, бір жол» жобасының даму жолдарын ойға салу. Әрбір топ түпнұсқалық пен сыни ойлау қабілеттерін көрсете білді.

Біздің жастарды саяси сауаттандыруға бағытталған семинарларымыз дәстүрлі түрде, келешекте өз кәсіптерінің жоғары деңгейлі маманы болуға көмектесетіндей, стипендиаттардың жеке және кәсіби дамуына ықпал етеді.

Басылымның сериялық нөмірлері

Оқиға үлестері

жарияланған

Kasachstan, 2 Шілде 2017