Asset Publisher

Оқиға үлестері

Бургомистр Александр Бергер Орталық Азиядан келушілермен кездесті

von Thomas Helm
Қазақстандағы жергілікті өзін-өзі басқару органдарының қызметкерлері Конрад Аденауэр атындағы Қордың ұйымдастыруымен диалогтық платформасымен таныстыру-білім беру бағдарламасы аясында Ален (ФРГ) қаласына сапар жасады.

Asset Publisher

Бургомистр Александр Бергер (о.ж 5) Орталық Азиядан келушілермен кездесті. Бенедикт Румёллер(орталықта), Томас Хельм (с.ж 3) және д-р Петер Пациорек (о.ж 2)

Бұл сапар 2015 жылы қараша айында сарапшы ретінде Қазақстанда болған Ален қаласының бұрынғы бургомистрі Бенедикт Румеллердің шақыруымен ұйымдастырылған. Байланыс Астана қаласындағы Конрад Аденауэр атындағы Қор Өкілеттілігінің басшысы, Ален қаласының тумасы Томас Хельмнің арқасында орнатылды.

Сегіз жоғары қызметтегі шенеуніктерден құралған делегация құрамында тек ұлттық экономика Министрлігі департаменттерінің басшылары ғана емес, сонымен қатар Қазақстандағы көлемі бойынша үшінші орындағы 680 мың тұрғыны бар Шымкент қаласының да басшылары болды. Ален қаласындағы кездесулер бағдарламасы кәсіпорындармен, сонымен қатар бизнес және қызмет көрсету орталықтарындағы экономиканы жетілдіруге жәрдемдесу Қоғамымен кездесуді қамтыды. Бағдарлама қорытындысы көмір шахтасына экскурсия жасау мен Ален қаласы полициясының бас бөлімшесіне барумен аяқталды.

Кешкі асы барысында қонақтарға бургомистр Александр Бергер Ален қаласын дамытудың өзекті келешегі туралы айтып берді. Аталған кеште аймақтық басқарманың бұрынғы басшысы Петер Пациорек те болды. Германияға сапардың келесі бекеттері Берлин, Мюнстер және Эссен сияқты қалалар болды.

Қазақстандық мемлекеттік аппараттың қазіргі кездегі реформасы әртүрлі институционалдық өзгерістермен қатар жергілікті өзін-өзі басқаруды енгізуді қарастырады. «90% бургомистерлер қала тұрғындары таңдауымен сайланады» деп атап өтті Бенедикт Румёллер. Алендегі сапар барысындағы тәжірибе алмасу болашақта заң шығару процесіне ықпалын тигізетін болады. Томас Хельмнің айтуы бойынша «Ален қаласы құрылымды экономикалық түрлендірумен қатар кіші және орта бизнесті тартуды және қолдауды сәтті жүзеге асырып отырған қала». Экономиканың түрлі салаларының осылайша бірігіп қызмет етуі және ынтымақтастығы қазақстандық экономика үшін лайықты үлгі болар еді.

Конрад Аденауэр атындағы Қор бірнеше жылдар бойы 16 миллион халқы бар мемлекетте коммуналды реформаны қарқынды қолдап келеді. Қолдаудағы басты тармақтар бюджеттік құқық, жергілікті өзін-өзі басқару және елдің экономикалық дамуы болып табылады.

Asset Publisher

comment-portlet

Asset Publisher

Über diese Reihe

Конрад Аденауэр Стифтанг, оның білім институттары, орталықтары мен шетелдік кеңселері әрбір жылда әртүрлі тақырыптарда бірнеше мыңдаған оқиғаларды ұсынады. Біз www.kas.de веб-торабында таңдалған конференциялар, оқиғалар және симпозиум бойынша қазіргі таңдағы және ерекше есептерді береміз. Мазмұнның жиынтығына қосымша, суреттер, сөйлесулер, бейнелер және аудио клиптары сияқты қосымша материалдарды да табуға болады.

Bestellinformationen

erscheinungsort

Kasachstan Kasachstan