Asset Publisher

Оқиға үлестері

EXPO-2017-ге дейін 500 күн: Назарбаев Университетінде өткен энергетикалық қауіпсіздік және жаңартылмалы энергия көздері

2016 жылдың 16 ақпанында Назарбаев Университетінің Сенат холлында энергетикалық қауіпсіздік және жаңартылмалы энергия көздері жөніндегі конференция өтті. Бұл конференция «Еуропалық Одақ пен Қазақстан Республикасы арасындағы екіжақты энергетикалық ынтымақтастық стратегиялық келешегі» кітабы тұсаукесерінің жалғасы болды.

Asset Publisher

Іс-шара Конрад Аденауэр атындағы қорынын Азия-Тынық мұхит аймағы бойынша энергетикалық қауіпсіздік және климатын ауыстыру аймақтық бағдарламасының директоры Доктор Петер Хефеленің және Конрад Аденауэр атындағы қорынын Қазақстандағы жетекшісі Томас Хельмнің қолдауымен өтті.

Пікірталас қатысушылары мен қонақтары болған - профессор Қанат Байғарин, Назарбаев Университетінің вице-президенті, Айгүл Соловьева, Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің 4-5 шақырылымының депутаты, Еуропа Одағы Өкілдігінің Қазақстандағы делегациясының Басшысы және Елші мәртебелі Траян Христеа, зерттеу авторлары доктор Франк Умбах, доктор Славомир Рачевски, журналист және Орталық Азия бойынша сарапшы Биргит Ветцель ханым мен Ұлттық талдау орталығының төрағасы Ақтоты Айтжанова ханым болды.Іс-шараның форматы екі панельдік пікірталастан тұрды, модераторлары Томас Хельм және Биргит Ветцель ханым болды. Пікірталас тақырыбы «Энергетикалық қауіпсіздік геостратегиялық мәселелері» және «Энергетикалық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге баламалы энергия көздерінің салымы». Талқылауда 80 адам қатысты, олардың арасында сарапшылар, дипломатиялық корпус өкілдері және студенттер болды, Олар Еуропалық Одақ пен Қазақстан Республикасы арасындағы терең геосаяси және геоэкономикалық өзгерістерді бақылауға мүмкіндік алды.

Сондай-ақ іс-шара қатысушылары Қазақстанның экономикалық трансформация процесінде жаңартылмалы энергияның ең маңызды аспектілері сұрақтарын сарапшылармен талқылауға мүмкіндік алды.

Іс-шара ұйымдастырушылары Др.Петер Хефеле мен Томас Хельм конференция мақсатқа жету деп таныды және әрі қарай зерттеулерді жалғастыру үшін жаңа мүмкіндіктер белгіледі. Олардың пікірінше, энергетикалық қауіпсіздік және жаңартылмалы энергия көздері тақырыбы Қазақстан-Германия ынтымақтастығының және өзара іс-қимыл саласында неғұрлым маңызды болуы тиіс.

Asset Publisher

Kontakt

Thomas Helm

Thomas Helm bild

Директор

thomas.helm@kas.de +7 7172 92 50 31

comment-portlet

Asset Publisher

Über diese Reihe

Конрад Аденауэр Стифтанг, оның білім институттары, орталықтары мен шетелдік кеңселері әрбір жылда әртүрлі тақырыптарда бірнеше мыңдаған оқиғаларды ұсынады. Біз www.kas.de веб-торабында таңдалған конференциялар, оқиғалар және симпозиум бойынша қазіргі таңдағы және ерекше есептерді береміз. Мазмұнның жиынтығына қосымша, суреттер, сөйлесулер, бейнелер және аудио клиптары сияқты қосымша материалдарды да табуға болады.

Bestellinformationen

erscheinungsort

Kasachstan Kasachstan

Asset Publisher