Asset Publisher

Оқиға үлестері

Қазақстандағы этникалық интеграцияның жағдайы бойынша конференция

Ресми мәліметтер бойынша Қазақстанда 100-ден астам түрлі халықтар өмір сүруде. Қазіргі таңда әлемде болып жатқан әр түрлі этникалық және діни қақтығыстар қарсаңында Қазақ-стандағы Конрад Аденауэр атындағы Қоры осы мәселе бойынша алғаш конференцияны өткізуге бел байлады. Конференция 4 қазанда өткізілді Алматы қаласында өтті.

Asset Publisher

Осы іс-шара алғаш Президенттің қорында «Азаматтық және этникалық топтар – Ұлттық бірлік пен бейбіт қатар өмір сүруді қалыптастыру жолындағы стратегиялар» тақырыбында өткізілді. Оған саясат, дін, ғылыми зерттеу мен азаматтық қоғам салаларының мамандары, сонымен қатар 180-ге жуық қосымша адам қатысты. Конференция басында Қазақстандағы Конрад Аденауэр атындағы қорының өкілі Томас Хельм және Қазақстандағы Германияның елшісі Рольф Мафаэл қатысушылармен амандасып, этникалық пен діни бірліктің және қоғамдағы сұхбаттың маңыздылығын атап өтті. Бағдарлама бойынша панельдік топтар және пленарлық талқылау өткізілді.

Неміс Бундестагінің мүшесі және қоныс аударғандар мен азшылық ұлттар бойынша феде-ралдық үкіметтің өкілі Хартмут Кошик этникалық топтардың ерекше мәселелерін есепке алу керектігі туралы айтты және еліміздегі неміс халқының мәселелерін шешу жолында Қазақстан мен Германия арасындағы ынтымақтастықты жоғары бағалады. Қазақстан халықтарының Ассамблеясы төрағасының орынбасары Ерали Тугжанов этникалық интеграция бойынша әлемнің жаңаша әдістерін жоғары бағалап, Ассамблея арқасында тым кішігірім этникалық топтарға да көңіл бөлінеді деп баяндады. Неміс Бундестагінің ішкі саясаты бойынша ХДС/ХСС – парламенттік топтың өкілі Стефан Майер Германиядағы босқындар миграциясы тақырыбына шолу жасады.

Әрбіреуі 6 эксперттен тұратын төрт панель тобында қарастырылған мәселелер: әлемдегі этникалық қақтығыстардың жағдайы мен оларды болдырмау жолындағы әрекеттер, сонымен қатар Қазақстанның этникалық интеграциясы мен діннің өзектілігі. Осы іс-шара Қазақстанда туылған неміс Бундестагінің алғашқы мүшесі Генри Цертик сөзімен аяқталды.

Осы конференция этникалық қатар өмір сүру мен осы өрісте алдағы өткізілетін ғылыми зерттеу тақырыбындағы Қазақстандағы Конрад Аденауэр атындағы қорының қызметіне зор үлес қосатын алғаш іс-шарасы болып табылады.

Asset Publisher

comment-portlet

Asset Publisher

Über diese Reihe

Конрад Аденауэр Стифтанг, оның білім институттары, орталықтары мен шетелдік кеңселері әрбір жылда әртүрлі тақырыптарда бірнеше мыңдаған оқиғаларды ұсынады. Біз www.kas.de веб-торабында таңдалған конференциялар, оқиғалар және симпозиум бойынша қазіргі таңдағы және ерекше есептерді береміз. Мазмұнның жиынтығына қосымша, суреттер, сөйлесулер, бейнелер және аудио клиптары сияқты қосымша материалдарды да табуға болады.

Bestellinformationen

erscheinungsort

Kasachstan Kasachstan