Asset Publisher

Оқиға үлестері

КЛИМАТ ЛАСТАНУЫН ТӨМЕНДЕТУ ЖӘНЕ КӨМІР ПАЙДАЛАНУ САЛАСЫНЫҢ ТИІМДІЛІГІН АРТТЫРУ

2017 жылдың 13 шілдесінде Теміртау қаласында, АҚ «АрселорМиттал Темиртау» және «Қазақстан жаңғыртылатын энергиясы қауымдастығымен» бірлесе отырып, Астанадағы Конрад Аденауэр атындағы Фонд өкілдігі ұйымдастырған дөңгелек үстел болып өтті. Дөңгелек үстелдің тақырыбы энергетика болды: „КЛИМАТ ЛАСТАНУЫН ТӨМЕНДЕТУ ЖӘНЕ КӨМІР ПАЙДАЛАНУ САЛАСЫНЫҢ ТИІМДІЛІГІН АРТТЫРУ“. Дөңгелек үстел сессиясы бойы, қатысушылар мен қонақтар баяндамаларын таныстырып, белсенді түрде талқылауларға қатысты.

Asset Publisher

Др. Ханс-Вольф фон Кёллер, энергетикалық саясат директоры және Берлин мен Брюссельдегі ЖШС STEAG басқармасының уәкілі, қатысушыларды өз баяндамасымен таныстырды. Др. Келлер баяндамасында ЖШС STEAG қызметі жайлы біраз айтып, көмір энергетикасы – өндірімділік пен көмірді қоршаған ортаға зиянсыз пайдаланудың мүмкіндіктері - бойынша терең талдау жасады. Вадим Басин, АҚ «АрселорМиттал Темиртау» атқарушы директоры, өзінің алғы сөзінде Қарағанды аймағының және, соның ішінде, «АрселорМиттал Темиртаудың» ел экономикасын дамытудағы ерекше рөлі жайлы сөйлеп, бұл жолда, өкінішке орай, қоршаған орта еріксіз зардап шегетінін мойындады. Томас Хельм, Астанадағы Конрад Аденауэр атындағы Фонд өкілдігінің директоры, Германияның өз даму жолындағы жасаған қателіктерін ескере отырып,Қазақстанның экономикалық трансформациясына жәрдемдесу мақсатында, екі ел арасындағы серіктестік аясында Германияның жобаларын таныстырды. Др. Петер Хефеле, , Конрад Аденауэр атындағы Фондтың энергетикалық қауіпсіздік және климаттың өзгеруі бойынша аймақтық бағдарламасының директоры, көмір дамытудың Азиядағы мүмкіндіктері жайлы баяндады. Сонымен қатар, ол реформацияның тек теориялық жағын ғана емес, ірі өнеркәсіптік нысандарға тұтастай дерлік тәуелді өнеркәсіптік қалалардың экономикалық әртараптандыруы сияқты практикалық түрде туатын мәселелерді қарастырудың маңызына жеке тоқталып өтті. Арман Кашкинбеков, «Қазақстан жаңғыртылатын энергиясы қауымдастығының» бас директоры, өз кезегінде көмір дамытудың Қазақстандағы мүмкіндіктері жайлы айтып өтті. АҚ «АрселорМиттал Темиртау» өкілдерінің бірі Сергей Морозов өнеркәсіптің шахталарындағы метанның қолданылуы жайлы баяндамасын таныстырды.

Іс-шара аясында, қатысушылар мен қонақтар АҚ «АрселорМиттал Темиртаудың» зауыттарының бірі және Қарағанды ЖЭС-і бойынша экскурсияға шақырылды. Біз жоғары дәрежеде ұйымдастырылған іс-шара үшін шынайы алғысымызды білдіреміз. Кейбір қонақтардың айтуы бойынша, кәсіпорын жұмыскерлерінің жоғары деңгейлі кәсіпқойлығы мен дайындығы, және зауытқа деген адалдығы ерекше көзге түсті. Алайда, ЖЭС-тің және зауыттың жағдайы, олардың бірнеше онжылдықтар бұрын салынғанына байланысты, реформалар мен барша көмір энергетикасының трансформациясының ғана емес, қарапайым болсын кәсіпорын нысандарын жаңғырту керектігі жайлы ойға әкеледі. Десек те, қонақтардың іс-шара жайлы пікірлері тек ғана жағымды болып қалыптасты.

Нысандарға барып шыққаннан кейінгі дискуссияда экономика мен энергетиканы өзгерту аясында туындайтын мәселелер, және елдер және ұйымдар арасындағы серіктестіктің келешек мүмкіндіктері талқыланды.

Asset Publisher

comment-portlet

Asset Publisher

Über diese Reihe

Конрад Аденауэр Стифтанг, оның білім институттары, орталықтары мен шетелдік кеңселері әрбір жылда әртүрлі тақырыптарда бірнеше мыңдаған оқиғаларды ұсынады. Біз www.kas.de веб-торабында таңдалған конференциялар, оқиғалар және симпозиум бойынша қазіргі таңдағы және ерекше есептерді береміз. Мазмұнның жиынтығына қосымша, суреттер, сөйлесулер, бейнелер және аудио клиптары сияқты қосымша материалдарды да табуға болады.

Bestellinformationen

erscheinungsort

Kasachstan Kasachstan

Asset Publisher