Asset Publisher

Оқиға үлестері

Қосарлы оқыту. Цифровизация нәтижесінде қазақстандық-германиялық ынтымақтастық үшін жаңа перспективалар.

Конрад Аденауэр атындағы Қордың Өкілдігі Қазақстан Республикасы Білім және Ғылым Министрлігімен ынтымақтастықта 2018 жылдың 20-21 ақпанында Астана қ. «Қосарлы кәсіби оқыту – кәсіпорындардың бәсекелестік қабілеті және инновативтілігі. Қазақстан үшін цифровизация нәтижесіндегі және қазақстандық-германиялық ынтымақтастық үшін жаңа перспективалар» тақырыбында конференция өткізді.

Asset Publisher

Шара неміс тарапынан Қазақстанда қосарлы оқыту жүйесін қалыптастыру бойынша ұзақ мерзімді кеңес берушілік ықпал етудің қорытындыларын шығаруға және ұлттық, сонымен қатар жергілікті деңгейлерде қажетті болашақтағы қадамдар мен шаралар үшін перспективаларды талқылауға бағытталған.

Конференция қосарлы оқыту саласында тәжірибемен алмасу бойынша диалогты алаң қызметін атқарды, оған Халықаралық Ынтымақтастық бойынша Германиялық Қоғамының сарапшылары мен мемлекеттік ұйымдардың, сонымен қатар Қазақстан экономикасының өкілдері қатысты.

Конференцияның бірінші күнінде Қазақстан, Ресей және Германиядағы қосарлы оқытудың түрлі аспектілері ұсынылды, атап айтқанда, құқықтық негіз, қосарлы оқыту институттары, кәсіпорындардың тәжірибесі, сонымен қатар Қазақстандағы қосарлы оқытуды ары қарай дамыту үшін қажетті қадамдар ұсынылды.

Екінші күн цифровизация, 4-ші өнеркәсіптік революция, логистика мәселелеріне, және қосарлы оқытуды дамыту үшін осы салалармен байланысты қажетті шараларға арналды.

Asset Publisher

comment-portlet

Asset Publisher

Asset Publisher