Asset-Herausgeber

Sur-Place жергілікті стипендиясы

Asset-Herausgeber

Конрад Аденауэр атындағы қоры мерзімі 5 айға берілетін Sur-Place жергілікті стипендиясына конкурс жариялайды

Қазақстанның ЖОО-да (жоғары оқу орындарында) күндізгі оқитын және конкурстық іріктеуден өткен Қазақстан Республикасы азаматтары қордың стипендианттары бола алады.

Ерекшелік ретінде соңғы курста оқитын студенттерге сипендия тағайындалуы мүмкін. Құжаттарды тапсыру кезінде қатысушының жасы 30-дан аспауы тиіс.

Конкурстық іріктеуде, басымдылық әлеуметтік және гуманитарлық ғылымдар факультеттерінің студенттеріне беріледі: саясаттану, экономика және қаржы, менеджмент, құқық, қазіргі заман тарихы, журналистика, философия, дінтану, т.б.

Конрад Аденауэр атындағы Қорының болашақ стипендианттары екі сатылы конкурстық іріктеуден өтеді: төменде көрсетілген тізім бойынша құжаттарды тапсыру және сұхбаттасу болады.

Іріктеу конкурсына қатысу үшін келесі құжаттарды тапсыру қажет:

  • Кандидаттың толтырылған сауалнамасы фотосуретпен – сауалнама нұсқасын www.kas.de/kasachstan сайтынан жүктеп алуға болады

  • Түйіндеме (нем. немесе ағыл.)

  • Алған білімін болашақта қалай пайдаланатыны туралы жоспары мен білім алуының мақсаттарын дәлелдейтін шағын хат жазу, 2 парақтан артық емес. (нем. немесе ағыл.)

  • Білім алғандығы туралы құжаттарының көшірмесі (нем. немесе ағыл. тілдеріне аударылған сынақ кітапшасы, сертификаттардың ЖОО-мен куәландырылған көшірмесі)

  • Жоғары білім алу туралы құжаттарының көшірмесі (магистратура және докторантура студенттеріне) нем. немесе ағыл. тілдеріне аударылған

  • ЖОО-ның 2 оқытушысының мінездеме хаттары (ұсыныс хатында оқытушының байланыс телефоны және электронды поштасы нем. немесе ағыл. тілдерінде көрсетілуі тиіс)

  • Оқу орнынан алған анықтама қағазы (нем. немесе ағыл. тілдеріне аударылған)

Құжаттардың толық пакетін тек ПОШТА АРҚЫЛЫ

келесі мекенжайға жолдау керек:

Конрад Аденауэр атындағы Қорының Қазақстандағы өкілдігі

010001 Астана қаласы

Қабанбай Батыра даңғылы, 6/3-83

«SPS конкурсына»

Құжаттарды қабылдаудың соңғы күні: 15.01.2018 (жіберілген пошталық штемпель)

Қосымша ақпаратты sps-kaz@kas.de электронды поштасына, сондай-ақ +7 7172 925 630 байланыс телефонына хабарласу арқылы білуге болады.

Сұхбаттасуға іріктеу сатыларының барлық шарттарынан толық өткен қатысушылар шақырылады.

Сұхбаттасуға қатысқан жағдайда шығыстарды (жазбаша хабарламадан кейін) ерекше жағдайларда Қор өзіне алады. Бас тартқан жағдайларда құжаттар қайтарылмайды.

Қор жөніндегі және айтылып өткен бағдарлама туралы толық ақпаратты www.kas.de/kasachstan сайтынан табуға болады.

Сіздің конкурсқа қатысуыңызға қуанышты боламыз және Сізге сәттілік тілейміз!

Asset-Herausgeber