Толық мәлімет
Конкурсқа кімдер қатыса алады?
Қордың стипендиаттары Қазақстан Республикасының азаматтары, Қазақстанның жоғары оқу орындарының күндізгі бөлімінде оқитын бакалавриат немесе магистратура студенттері бола алады.
Құжаттарды тапсыру сәтінде үміткердің жасы 30-дан аспауы тиіс.
Конкурстық іріктеу барысында елдің қоғамдық-саяси өміріне белсенді қатысатын, кең ой-өрісі бар, мақсаткер және белсенді өмірлік ұстанымы бар студенттерге басымдық беріледі.
Стипендия мөлшері және төлеу мерзімі
Ай сайын 85 000 теңге, 12 ай бойы — 2027 жылғы 1 қыркүйектен 2028 жылғы 31 тамызға дейін.
Конкурстық іріктеу
Іріктеу үдерісі екі кезеңнен тұрады:
- Құжаттар пакетін тапсыру
- Бірінші кезеңнен сәтті өткен үміткерлер үшін Қор өкілдерімен офлайн немесе онлайн форматта, неміс немесе ағылшын тілінде әңгімелесу
Конкурсқа қайда және қалай қатысуға болады?
Қатысу үшін төменде көрсетілген тәртіпке сәйкес толық құжаттар пакетін бір PDF-файлға біріктіріп, sps-kaz@kas.de электрондық поштасына жіберу қажет.
Электрондық пошта тақырыбы: SPS Application 2027
Басқа форматтарда (мысалы, ZIP, docx) жіберілген, сондай-ақ толық емес немесе құрылымдалмаған өтінімдер қарастырылмайды.
Артық құжаттарды қоспауыңызды сұраймыз. Құжаттарды тапсыру талаптарын сақтамау өтінімнің қабылданбауына әкеледі.
Құжаттарыңызды тапсырғаннан кейін өтініміңіздің қабылданғанын растайтын электрондық хатты міндетті түрде аласыз.
Қажетті құжаттар тізімі
Құжаттар ағылшын немесе неміс тілінде қабылданады және мыналарды қамтуы тиіс:
- Актуалды фотосуреті бар толтырылған үміткер сауалнамасы (сауалнаманы жүктеу)
- Түйіндеме (CV)
- Мотивациялық хат (ең көбі 2 бет)
- Бағалар транскрипті (аударма міндетті емес)
- Оқу орнынан анықтама (аударма міндетті емес)
- Бакалавр дипломы және қосымшасы (магистратура студенттері үшін; аударма міндетті емес)
Құжаттарды тапсыру мерзімі
Дедлайн: 2027 жылғы 30 маусым, Астана уақыты бойынша сағат 18:00-ге дейін
Сұхбатқа шақырылған үміткерлер құжаттардың түпнұсқаларын ұсынуы тиіс.
Өтінімдерді қарау мерзімі
2027 жылғы 1 шілде – 31 шілде
Сұхбат алу мерзімі
2027 жылғы 1 тамыз – 15 тамыз
Қосымша ақпарат үшін байланыс деректері
Email: sps-kaz@kas.de
Телефон: +7 (7172) 925 630
Біз сіздерді конкурсқа қатысуға қуана шақырамыз және сәттілік тілейміз!