Asset Publisher

Оқиға үлестері

Саясат және экономика салаларындағы, мемлекеттік қызметтегі сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес

27 маусым 2017 жылы Қазақстан Республикасының Бас Прокуратурасында «Саясат және экономика салаларындағы, мемлекеттік қызметтегі сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес» тақырыбы бойынша Конрад Аденауэр атындағы Фондтың Қазақстандағы Өкілдігі және Қазақстан Республикасы Бас Прокуратурасының құқық қорғау органдары Академиясы ұйымдастырған семинар болып өтті. Семинар келесі тақырыптарды қамтыды: Федеративті Германия Республикасындағы мемлекеттік қызмет саласының жағдайы, бизнес ережелеріне сәйкестік, парламентте жемқорлықты алдын алу, және лоббилендірудегі этикалық қағидалар.

Asset Publisher

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері түрлі дәрежеде және түрлі деңгейлерде әлемнің барлық елдеріне әсерін тигізеді. Осыған байланысты, «Сыбайлас жемқорлықпен қалай күресуге болады?» деген сұраққа жауап табу мақсатындағы елдер арасындағы тәжірибе алмасу маңызы мол. Екінші жағынан, бұл талаптарды орындау үшін қандай алдын алу шаралардың қажеттігін түсіну керек.

Семинарға қатысушылар ҚР Бас прокуратурасыны ң, ҚР Ішкі Істер Министрлігінің, ҚР қаржы Министрлігі мемлекеттік табыс Комитетінің, мемлекеттік қызмет және сыбайлас жемқорлықты алдын алу істері бойынша ҚР Агенттігінің қызметкерлері, және ҚР Бас Прокуратурасының құқық қорғау органдары Академиясының қызметкерлері мен студенттері болып табылды.

Томас Хельм, Астанадағы Конрад Аденауэр атындағы Фонд өкілдігінің директоры неміс тұрғысынан сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл тақырыбын таныстырып, қазақстандық мамандар арасында дискуссияға жол ашуға тырысты. Дискуссияға сыбайлас жемқорлық саласындағы Қазақстанның тәжірибесін талқылау және жағдайды үйлесімділеу мен елді одан әрі дамыту жолдарын іздеу кірді.

Asset Publisher

comment-portlet

Asset Publisher

Asset Publisher