





Мәжіліс депутаты Меруерт Қазбекова, «Қазақстанның әйел кәсіпкерлері одағы» Қоғамдық Ұйымының төрайымы, Сибилла Пфайфер, Бундестаг депутаты, Томас Хельм, Конрад Аденауэр атындағы Қорының Қазақстандағы өкілдігінің басшысы мен Ерлан Мұхамедин, Шортанды ауданы әкімінің орынбасары ашылу рәсімі мен дөңгелек үстел сессиясына қатысты. Сонымен қоса, баяндамашылар мен қатысушылар қатарларында әйел кәсіпкерлігі, мемлекеттік басқару органдары, мемлекеттік емес ұйымдар өкілдері де іс-шараға қатысқан болатын.
Дөңгелек үстел отырысының басталуынан бұрын, Конрад Аденауэр атындағы Қордың Қазақстанадағы өкілдігі мен Бундестаг депутаты С. Пфайффер аудан әкімінің орынбасары Ерлан Мұхамедин және Мәжіліс депутаты Меруерт Қазбековамен бірге аймақты айналып өтіп, басым көпшілігі әйелдер басқаруында болған жергілікті кіші және орта кәсіпкерлік нысандарымен танысып шықты.
Дөңгелек үстел меймандары жергілікті кәсіпкерлік пен әрі бизнестегі, әрі мемлекет дамуындағы әйелдер рөлінің артуы, соның ішінде аймақтық даму саясаты сұрақтары талқыланды.