Оқиға үлестері

Қасым-Жомарт Тоқаев KAS қордың Қазақстандағы өкілдігінің директоры Томас Хельмді қабылдады

Кездесуде Томас Хельм Мемлекет басшысына Қордың Қазақстандағы қызметінің негізгі бағыттары, жүзеге асырып жатқан жобалары мен ұйымның елімізбен арадағы ынтымақтастығының перспективасы жайында айтты.


Өкілдік басшысы Қазақстандағы цифрландыру, энергетика, дуальді білім беру, бұқаралық ақпарат құралдары салаларын дамытуға, сондай-ақ, жергілікті өзін-өзі басқару жұмысын жетілдіруге қатысты өз ойымен бөлісті.

Қасым-Жомарт Тоқаев Томас Хельмге өзінің жуырда Германияға жасаған сапарының нәтижелері туралы айтып, Қазақстанның аталған елмен жан-жақты ықпалдастықты нығайтуға баса мән беретінін атап өтті.

 

Cілтеме: akorda.kz

Über diese Reihe

Конрад Аденауэр Стифтанг, оның білім институттары, орталықтары мен шетелдік кеңселері әрбір жылда әртүрлі тақырыптарда бірнеше мыңдаған оқиғаларды ұсынады. Біз www.kas.de веб-торабында таңдалған конференциялар, оқиғалар және симпозиум бойынша қазіргі таңдағы және ерекше есептерді береміз. Мазмұнның жиынтығына қосымша, суреттер, сөйлесулер, бейнелер және аудио клиптары сияқты қосымша материалдарды да табуға болады.