Asset Publisher

Оқиға үлестері

Еуропалық одақ пен Орталық Азия арасындағы стратегиялық баланс қатардан шығып қалды.

Сарапшылар мәселелерді Орталық Азия елдеріндегі энергетика мен қауіпсіздік саласында көріп тұр

Орталық Азия Еуропа мен Азия арасындағы басты байланыстырушылардың бірі болып табылады. Оған кіретін елдер – Қазақстан, Қырғызстан, Тәжікстан, Түрікменстан және Өзбекстан Совет одағы ыдырағаннан кейін елеулі жетістіктерге жетті. Еуропалық одақ 2007 жылы Орталық Азиямен іскерлік қарым-қатынасты кеңейтуге байланысты бағыт алды.

Asset Publisher

Ағымдағы жылдың маусым айында Еуропалық одақтың ортаазиялық серіктестерімен ынтымақтастық стратегиясына бақылау жүргізілді. Берлинде өткізілген Конрад Аденауэр атындағы Қор кешінде сарапшылар қауіпсіздік аймағы мен энергетика саясаты бойынша қандай мақсаттар жүзеге асырылғандығы туралы пікірлер айтты.

Орталық Азиядағы ЕО өкілетті өкілі, саяси кеңесші Кристин Хольтге пікірінше Еуропалық одақ экономика аймағын дамытуда өзінің ерекше рөлін көреді. Сонымен қатар ЕО экономикалық дамуды қолдау үшін олар жеке кәсіпкерлерге олардың қандай аймақтарға инвестиция құю керектігін мәжбүрлей алмайтындығын бірнеше рет атап өткен. Экономикалық қатысу қажет, алайда заңды сақтау кепілі бар қолайлы инвестициялық климат, жауапты лауазымды тұлғалардың айқын ережелері мен тәртіптері де қажет. ЕҚЫҰ-ның неміс төрағалығы аясындасы ЕҚЫҰ 2016 жылы Орталық Азияға инвестицияны көбейтуді, сонымен қатар экономикалық және экологиялық бағытты ерекше күшейтуді жоспарлап отыр.

Саяси қауіпсіздік аумағында Ауғанстадағы жағдай мазасыздық тудырып отыр, оның ішінде соңғы айлардағы Кундустағы талибтерге қатысты әскери салдар. Хольтге Ауғанстандағы жағдай өңірдегі қауіпсіздікке қатер туғызатын жалғыз себеп емес екендігін атап өтті. Одан гөрі қауіпсіздіктің дамуымен байланысты ішкі жағдайлар да өз рөлін атқарды. «Оппозициялық партияларды қатаң таратып жіберу мен этникалық азшылықтардың маргинализациясы қауіп қатер мен радикализмді алдын алудын орнына, керісінше тездетіп жіберді» деді Хольтге. ЕО «Орталық Азиядағы шекараларды басқару бойынша бағдарлама (БОМКА)» және «Орталық Азиядағы наркотиктерге қарсы бағдарлама» КАДАП сияқты аймақтағы тұрақтылықты қамтамасыз етуге арналған өңірлік бағдарламаларға қатысады.

Бундестаг депутаты, ХДБ/ХСБ фракция жұмыстарын басқарушы, «Германия-Қазақстан» қоғамының төрағасы Манфред Грунд ЕО-ты Орталық Азия елдеріне өз ықпалын қаттырақ дифференцияциалауға шақырды. Ол ортақ және ұзақ тарихқа ие бола тұра, елдер елеулі түрде өзгешеленетінін атап өтті. Бұл кесімді шараларды не себепті іске асырмай, керісінше біртіндеп өзгеру тәсілдемесін қолдану керектігінің бір себебі болып табылады. Өңірде тұрақтылық құру үшін орнықты институционалды база қажет. (ЕО стратегиясының бағыты мен өңірдегі елдердің мүдделерінің ұқсастығы аймақтағы тұрақтылықты күшейтудің алғышарты болуы қажет). ЕО стратегиясының күшті концентрациясы мен олардың мүдделері алғышарт болуы қажет.

Лондондағы Корольдық колледждің Еуропалық энергетикалық және ресурстық қауіпсіздікті зерттеу орталығының (EUCERS) директоры др. Франк Умбах Орталық Азиядағы энергетика компоненттері бойынша ЕО стратегиясына шолу жасады. Шолуға сәйкес стратегия әлдеқандай елеулі өзгерістерге алып келмеді. Сондай-ақ, Орталық Азияның энергетикалық нарығында түрлі субъектілер арасында бәсекелі жағдай бар. «Қытай әсері әрдайым өсіп тұрады» деп атап өтті. Қытайдың Транс-Каспий құбыр желісі мен «Жібек жолы» жобасының басқа да құбыр желілерін пайдалану мүмкіндігіне ие болуы ерекше сақтық тудырады. Зерттеулер бойынша газды пайдалану мен оларды болашақ бірнеше онжылдықтарда алға басу (жылжыту) төмендегенін көрсетті, ал ол өндіріс қуаттылығын артылуына алып келеді. «Сол себепті табиғи газ импортына сұранысты болжауда белгісіздік бар» деп атап өтті Умбах. Қазірдің өзінде Оңтүстік газ ағыны аясында бәсеке күшеюде, себебі 2010 жылдағыдай тұтыну азайған. Умбах м-а бұл аяда ЕО-тың Ресеймен салыстырғанда өз мүдделерін қорғайтын және ішкі энергетикалық нарықта өзгерістерге алып келетін ерекше нақты стратегиясының біріне көшуге шақырды

Asset Publisher

comment-portlet

Asset Publisher

Asset Publisher

Über diese Reihe

Конрад Аденауэр Стифтанг, оның білім институттары, орталықтары мен шетелдік кеңселері әрбір жылда әртүрлі тақырыптарда бірнеше мыңдаған оқиғаларды ұсынады. Біз www.kas.de веб-торабында таңдалған конференциялар, оқиғалар және симпозиум бойынша қазіргі таңдағы және ерекше есептерді береміз. Мазмұнның жиынтығына қосымша, суреттер, сөйлесулер, бейнелер және аудио клиптары сияқты қосымша материалдарды да табуға болады.

Bestellinformationen

erscheinungsort

Berlin Deutschland