Asset Publisher

Оқиға үлестері

«Әйелдерді экономикалық алға бастыру – аймақтық даму жетістігі» дөңгелек үстелі

Ақмола облысының Шортанды ауданының Научный кентінде 2016 жылдың 28 қазанында «Әйелдерді экономикалық алға бастыру – аймақтық даму жетістігі» атты дөңгелек үстел өтті. Кездесу «Қазақстанның әйел кәсіпкерлері одағы» Қоғамдық Ұйымы, Конрад Аденауэр атындағы Қорының Қазақстандағы өкілдігі мен Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі Ұлттық Комиссия арқасында өткізілді.

Asset Publisher

Мәжіліс депутаты Меруерт Қазбекова, «Қазақстанның әйел кәсіпкерлері одағы» Қоғамдық Ұйымының төрайымы, Сибилла Пфайфер, Бундестаг депутаты, Томас Хельм, Конрад Аденауэр атындағы Қорының Қазақстандағы өкілдігінің басшысы мен Ерлан Мұхамедин, Шортанды ауданы әкімінің орынбасары ашылу рәсімі мен дөңгелек үстел сессиясына қатысты. Сонымен қоса, баяндамашылар мен қатысушылар қатарларында әйел кәсіпкерлігі, мемлекеттік басқару органдары, мемлекеттік емес ұйымдар өкілдері де іс-шараға қатысқан болатын.

Дөңгелек үстел отырысының басталуынан бұрын, Конрад Аденауэр атындағы Қордың Қазақстанадағы өкілдігі мен Бундестаг депутаты С. Пфайффер аудан әкімінің орынбасары Ерлан Мұхамедин және Мәжіліс депутаты Меруерт Қазбековамен бірге аймақты айналып өтіп, басым көпшілігі әйелдер басқаруында болған жергілікті кіші және орта кәсіпкерлік нысандарымен танысып шықты.

Дөңгелек үстел меймандары жергілікті кәсіпкерлік пен әрі бизнестегі, әрі мемлекет дамуындағы әйелдер рөлінің артуы, соның ішінде аймақтық даму саясаты сұрақтары талқыланды.

Asset Publisher

comment-portlet

Asset Publisher

Über diese Reihe

Конрад Аденауэр Стифтанг, оның білім институттары, орталықтары мен шетелдік кеңселері әрбір жылда әртүрлі тақырыптарда бірнеше мыңдаған оқиғаларды ұсынады. Біз www.kas.de веб-торабында таңдалған конференциялар, оқиғалар және симпозиум бойынша қазіргі таңдағы және ерекше есептерді береміз. Мазмұнның жиынтығына қосымша, суреттер, сөйлесулер, бейнелер және аудио клиптары сияқты қосымша материалдарды да табуға болады.

Bestellinformationen

erscheinungsort

Kasachstan Kasachstan