Оқиға үлестері

Конференция NUMUN 2018

7-8 сәуір аралығында Назарбаев Университетінің БҰҰ-ның Модель клубы, Конрад Аденауэр атындағы Қорының Қазақстандағы өкілеттігінің қолдауымен өзінің үшінші жыл сайынғы NUMUN 2018 конференциясын өткізген болатын.

2016 жылы құрылған NUMUN конференциясы, студенттердің жалпы жаһандық проблемалар туралы хабардар болуына, дипломатияны машықтау және халықаралық саясат туралы білімін кеңейтуге дағдыланған.Осы жылы NUMUN 2018 конференциясына бүкіл Қазақстан мен Орталық Азиядан 70-тен астам студент қатысты. Конференцияда халықаралық ынтымақтастыққа арналған төрт ұйымның модельдері ұсынылды. Олар: БҰҰ-ның Қауіпсіздік Кеңесі, Әлемдік денсаулық сақтау ұйымы, Евро Одақ Кенесі және "Игра Престолов" Комитеті

Бірнеше елдердің елшілері ретінде ұсынылған студенттер халықаралық саясаттағы келесі сұрақтарды талқыға салды:

◾"Африканский Рог" атанған Сомали түбегіндегі терроризмге қарсы күрес

◾Азшылық ұлттар құқығы

◾Мүгедектердің қоғамға интерграциясы

◾Вестерос геосаясаты

Конференц ияны Конрад Аденауэр атындағы Қорының Қазақстандағы өкілеттігінің директоры Томас Хельм, БҰҰ-ның өкілі Зарина Нурмухамбетова, мектептің деканы гуманитарлық және қоғамдық ғылымдарының докторы Даниэль Пью және мектеп доценті гуманитарлық және социалдық ғылымдарының докторы Мвита Чача ашқан болатын.Шақырылған қонақтар қатысушылардың халықаралық дипломатияға деген кызығушылықтарын арттырып, олардың кәсіби тұрғыда дамуына септігін тигізді.

Über diese Reihe

Конрад Аденауэр Стифтанг, оның білім институттары, орталықтары мен шетелдік кеңселері әрбір жылда әртүрлі тақырыптарда бірнеше мыңдаған оқиғаларды ұсынады. Біз www.kas.de веб-торабында таңдалған конференциялар, оқиғалар және симпозиум бойынша қазіргі таңдағы және ерекше есептерді береміз. Мазмұнның жиынтығына қосымша, суреттер, сөйлесулер, бейнелер және аудио клиптары сияқты қосымша материалдарды да табуға болады.

Bestellinformationen

erscheinungsort

Kasachstan Kasachstan